Не сыйлаймыз...
Не сыйлаймыз...

- Пападан ақша сұрайық?

- Қанша?

- Ал, не сатып аламыз?

- Мамам нені жақсы көреді?

- Мама мені жақсы көреді. Қалжың! Шашқа тағатын бірдеңе алайық...

- Жоқ, маманың шашы қысқа ғой! Блокнот алайық? Өткенде көргенде анау өзі дәптерден жасап алған блокнотының беттері бітейін деп қалған болатын.

- Онда кішкента-а-ай блокнот және тағы бірдеңе алайық?

- Жейтін бірдеңе алайық та?

- Қандай кәмпит жақсы көреді?

- Е, анандай сыртында қардың суреті бар кәмпит бар еді ғой, аты қандай еді?

- А, «Снежок» па?

- Иә, иә! Сондай кәмпит әперейік! Мамам соны жақсы көреді ғой! Онда папаға да бірдеңе алайық? Ренжіп қалар?

- Папама не аламыз? 

- Папаға да жақсы көретін кәмпитінен алайық?

- Қандай?

- Папа «Барбаристі» жақсы көреді!

- Онда қанша ақша сұраймыз?

- Есептеші? Сен «дәусің» ғой!

- Қазір. Блокнот - 70 теңге. «Снежок» 180 теңгеден. 300 грамм аламыз, сонда 54  теңге, «Барбарис» те сондай.

- Папаның өзінен ақша алып өзіне кәмпит әпереміз бе?

- Енді біз жұмыс істемейміз ғой! Кейін «дә-әу» болғанда, жұмыс істегенде өзіміздің ақшаға кө-ө-өп «әйбат»  заттар әпереміз... 200 теңге сұрайық.

- Жете ме? «Открытка» алмаймыз ба?

- Жетеді. Сендерге гүл жасап үйретті ғой, былтыр 5  класста. Сондай жасасаңшы түрлі-түсті қағаздан. Ішіне құттықтауды мен жазып беремін.

- Өлең шығарсам жазасың ба?

- Жарайды, оны да жазайық. Тек сен тезірек жаса «открытканы», жарай ма? Мен «жаңағыларды» сатып әкелейін.

      Иә, осыдан 12-15 жыл бұрын анамызға, жанымызға жақын жандарға сыйлайтын сыйлығымыздың «сиқы» осы болатын. (Дәл осы диалог өз өмірімнен өткені де рас.) Анамыз соған балаша мәз болатын! Расымен, қатты қуанатын... Қазір қалтаң қалың болса, шетелдерді аралатып, алтынға малып таста! Тістерін алтындатып, бір айлық еңбекақымызға тұрарлық қымбат иіссуды сыйға тарт! Тек шын көңілмен сыйланса болғаны... Бәленбайдың баласы анасына, әкесіне «мынандай» дүние сатып «әперіпті» деген атаққа емес, ананың, әкенің жүрегіндегі балаға деген махаббатқа лайық дүние болса.         

     Әрине кімге болса да, тіптен, түймедей дүние сыйласаң да, шын көңілмен сыйласаң, сөзсіз «құнды» болмақ.

     Бәрінің де бір-ақ рет болатынындай, біз де қайтып екі келмеспіз... Бар кезінде кімді болса да сыйлап үйгерейік... Қадір тұтып, бағалай білейік, адамды, Адам!

   ...Анаңның қабағына кірбің, көңіліне мұң ұялатпай, алақаныңда аялап ұста, Адамзат! ...Анаңды "ҚАДІРЛЕ, БАҒАЛА (!)" деп қай сөзімде де айта беремін...

 ПыСы: Маматайым, сағынып кеттім сізді...(( қолдан жасалған "открытка" сыйлайыншы... бір рет қана... тағы да...

/сурет гугл сайтынан/

 
Мақпал СембайМақпал Сембай
9 жыл бұрын 5880
2 пікір
  • сыйластық та бақай есеп, бәсекелестік, көзбояушылыққа айналып барады, не боп барады бұл өмір
    9 жыл бұрын
  • Керемет,біз де інім екеуміз қолдан открытка жасап,акша жинап шоколад аперуші ек...Шіркііін балалық шақ
    Қазір өскен сайын қымбатын күтетіндей....қызымның əпергені деп мақтанғысы келеді...
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
56583 278 295 205 145