Мен өсекшімін бе?
Мен өсекшімін бе?

***...жалғыз үміт. Жаңбырдан кейінгі сезілгенінен жоғалғаны тез азон ауасындай. Жалғыз үміт – кемпірқосақтай түрлі-түсті. Жалғыз үміт – өмірдей. Бір-ақ рет берілетін мүмкіндік. Жалғыз үміт..расында, соңғы, әрі жалғыз үміт...одан басқасы жоқ...

 ***Мен өсекшімін бе? «Өсек» тыңдаймын, демек...ұят-ай. Бірақ «оны» айтатындар «әңгіме» айтып жатырмын деп айтады ғой. Демек, өсекші емес, әңгімешілміз...

   «Әңгіменің» басты кейіпкерін өз көзіңмен көріп, әлгінде айтылған «әңгіме» иесі рас сол ма емес пе, айтылған «мақтаулар»  иесіне жараса ма, жоқ па жүзіне қарап білгің келіп тұрады екен. Құдды, жүзінде жазылып тұрғандай.

     Әсте, жотаңа жабысқан шоңайнаны денеңе батса ғана сезесің, білесің.

    Біреудің біреуді іліктіріп алып, «әдемі» «әңгіме» шығарғаны дұрыс па екен осы?! Сол «әңгімені» тыңдау барысында, өзің де кезекті «ертегінің»  тууына себепші болған «кейіпкер» екеніңді сезбей қаласың...

     Айтылған сөз-ағып кеткен су сияқты, жай су емес, қолжуғыштың суындай. Қане, қол жуғыштың астындағы шелектен бес секунд бұрынғы таза суды көрсетші?!

*** Алматы – құж-құж қайнаған қазан ғой! Нағыз «бұрқылдаған» тіршілік! Бірі түбіне түсіп күйіп, қайта оралып, енді бірі пісіп, өзгесі қазан түбіне жабысып, пысықтары құйылар сорпамен бетіне қалқып шығып жатыр. Қолынан келгені қонышынан басып, қолынан келмегені қоныш астында қалып, болмаса сол басқан ізін қайта басып дегендей, әйтеуір тіршілік, өлместің қара күні. Адамдар, уа, адамзат, бір сәт, өтініш, кідіріңдерші?! Бір мезет тоқтаңдаршы? Билік те, ақша да, құнсыз дүние де құрысын, анау жетімнің жанарында жылтылдаған жасты қараңдаршы...

*** Автобус. Барлығы да шаршап тұр. Түртсең құлар. Таң азанымен жұмысқа асыққан ашушаң адамның бірі де жоқ. Бәрі момын, бәрі сабырлы. Бәріміздің де көздегеніміз – тезірек үйге жету. Және бір аялдамадан қос ару кірді. Қазақтың қою  қара шашты, әп-әдемі қыздары. Сұлу-ақ... Бірін-бірі енді көрген-ау шамасы, әңгімелері таусылар емес. Тағы да дәл таптыңыз, екеуін байланыстырып тұрған орыс тілі. Қазақпыз-ақ... Тіліміз турасында біраз айтарымды айтып, бар болса, жүздеріне ұятын шығарайын десем, сөйлеуге шама жоқ. Көлік ішіндегілердің де өз айтарлары табылар-ақ еді, тек, шаршап... Ішкі дауысым бір шыңғырып қоя берді. Қазіргі жастар – біліп туған...

*** Медициналық орталықтамын. Кезек күтіп тұрмын. Бір адамнан соң есіктің арғы жағындағы дәрігердің жүзін көру бақытына ие боламын, бұйырса. Алдымдағы – қазақ жігіт.. кірді. Қабылдап отырған да екі қазақ әйел екенін есік саңылауынан көрдім. Үш қазақ. Иә, дәл таптыңыз! Орыс тілінде «сайрап» жатыр. Қазақпыз. Қаның қайнай ма?

*** Тағы да автобус. Біздің сүйікті 80 теңгелік атракционымыз. Қалтадан әрең шығатын 80 теңгені дамылдатпай қағып алатын «ақша жинағыш» бар аялдамаларды орысша «періп» жатыр. «Дайындаламыз, жол ақысын береміз. Келесі аялдама – Байзақова.» «Уа, ішінек, бастағаныңды әдемі аяқтасаң «ғажап» болар еді. Автобус толы қазақ елінде жүрген қазақ емеспіз бе?

*** «Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер?» Қазағым не айтса да, бекер айтпаған. Хиджаб. Орамал. Бүкіл қазақтың басына түскен дерттей! Құдай-ау, қызың қымсынбай әке алдында кеудесін жалтыратып, аға алдында санын сипардай кейіпте жүрсе де, темекі сасып, сыра мүңкіп тұрса да ләм-мим демейміз. Он қызың темекімен «әдеміленіп», түнгі клубтың тұрақты қонағы бола бастаса да, айтарың жоқ! Ал, бір қызың орамал тағып, әурет жерлерін бөтен еркектің көзінен жасырса, жабылып кеп түтіп жеуге дайынбыз. Не үшін?

     Батысқа еліктеп «шешінген» қазақ қыздарың аз ба, жұртым-ау?! Ұяты, білімі, тәрбиесі, бірінен бірі озған сән үлгісі мен заман ағымынан сәл жоғары тұрып, «көркем» киіне бастаған қыздарын шешіндіріп әуреміз. Ертеңгі күні қайта киіндіре алмай қалсақ, қайтпекпіз,Қазағым?! Жаман нәрсе тез тарағыш. /Бәлкім, орамал қазақты еліме келген «батысшылдыққа» жөнімен еруге салар жол шығар, солай тепе-теңдік сақталып тұрған шығар жастар арасында.../

Мақпал СембайМақпал Сембай
10 жыл бұрын 3535
6 пікір
  • "Бизнес" жасағанға, "карьера" жасау үшін қазақ тілінің "зачем" керегі бар?, - дегенді естігенім бар еді. Біреуге айтсам "өсек айтпашы" деп жекіп тастай ма деп "қазақы" "жалтақтыққа" көніп айтпап едім. Бүгін сол "өсегімнің"сәті келді ма дедім. Мақпал қарындасым, бұл "өсегіңізді" ел болып айтып, ел болып қолға алмаса болмайтынын меңзеп отырғаныңызға рахмет.
    Мысалы, қазақша "сайраса да" қазақ телеарналарының іс-әрекеттерін көріп отырған көрермен қазақ тілінен қашатыны сөзсіз! "Білім және Мәдениет" телеарнасын кеңейту керек, шоу-моу, квн-хвн деген сайқымазақтар емес. Айтайын дегенім аты өшкір Геббельстің өзі айтқан жоқ па еді: Кез-келген елдің БАҚ-ын берсең, мен сол елді шошқа етемін, деп. БАҚ басымызға бақ болса екен басқа емес...
    10 жыл бұрын
  • Мақпал ақоғамның сқынған екі дертін көтеріпсің. Айтқаныңның бəрі рас. Өкінішті!
    10 жыл бұрын
  • Көпке ой салады деген ойдамын!
    10 жыл бұрын
Блог туралы
0
56583 278 295 205 145