Адамзаттың әрқашанда, Адам ғана бауыры
Адамзаттың әрқашанда, Адам ғана бауыры
Күнә белден,
Жетісіп неге күлем?
Қай тірлігім анықтар халімді нақ?
Жақсыдан жамандығым көбін, білем,
Жүрегімнің түбі мәлім Аллаһқа Хақ...

Оң қолдың садақасы солға анық,
Бастаған жолым ақ па, хабарым жоқ.
Адал ма, әйтеуір бір табыс тауып,
Киім бүтін, шүкірліксіз, қарыным тоқ.

Сеземін, қайсы жерде сүріндім нақ,
Оралмас ешқашанда ол күндерім...(!)
Алайда, жүрегім де, ниетім ақ,
Үзілген жоқ жұмақтан да күдерім.

Демім барда, кеудемде жаным барда,
Шүкір деймін, Жаратқанға сансыз мадақ!
Шүкірсіз, еш тәубасыз бұл жалғанда,
Қай пенде өз ризығын іздеп, таппақ!?

Арайлап атқан таңым-бір мүмкіндік,
Бақыттың, бәлкім, бүгін құсы қонар.
Қаншама күнді, сірә, бекер сүрдік,
Ақиқаты тек Аллаға аян болар.

Денім сауда, кеудемде жаным барда, 
Шын достарым: құлшылық, тек амалым.
Қабыл болса тірлігім, шіркін, алда,
Қуаныштан шырқатып, ән саламын.
/06.06.2014/
 
***
Алды-арты көп нүкте өмірімнің,
Жүзім жарқын болғанмен, көңілім-мұң.
Сексеуілдей шөл кезген тұрақсызбын,
...кеше - өткен, ертең - жыр, ғажап - бүгін.
 
Жалмап бара жатқандай сағынышым,
Жаным жылап жатқаны - тағы да шын.
Жалғыз кезген жаһанды жолаушымын,
Тауға өрлеп келемін, мақсатым - шың.
 
Есіл-дертім ертеңгі атар бір күн,
Бірақ ертең айналар күнге бүгін.
Бүгінім де алмасып кешегіге,
Сонда...ертең болмай ма менде, күнім?!
***
Ораза тұт!
Қинамас Алла адамды!
Жақсылық күт!
Байқап сен бас та қадамды!
Нәпсіні ұт!
Намазбен матты қой-дағы!
Адам, әлбетте,
Тек сынақ үшін жаралды!
Шыға бер шыңға,
Жеткенше күшің, әл-қуат!
Ақылыңды шыңда!
Жалқаулықты, қане, дос, жылат!
Жетерсің сонда,
Арманның ақша бұлтына.
Ұшырата біл,
Ұшырай білгін сен сынға!
/05.08.11/ 
***
Ауылға ат басын бұрмаймын,
Асыға...
бұрынғы сәттердей...
Ұшырып әкеткен бұл көктем...
Анамды 
ақ қанат кептердей...

Анамның көжесі секілді,
Көжені әлі бір татпадым...
Бар адам тым жақсы болғанмен,
Анамдай жанды әлі таппадым...

Аналар біреу-ақ, дара жан...
Таппаймын, несіне іздеймін...
Жұмақта кездессек екен ғой...
...деп сорлы үмітті үзбеймін...
 
Келгенмен көктемім далама,
Менде тек күз мезгіл үнемі...
"Бұртима"... дегендей Анашым,
Көктемнің төрінен күледі...

Мөлтілдеп жанарым жас тола,
Жанымды құшақтап сағыныш...
Мінгесіп алайын мен саған,
Көктемім, өткенге алып ұш...
/24.02.14/ 
***
Өзі доңыз бола тұра,
Күлетұғын шаянға.
Шегіртгеше сайран құрып,
Шыбын таппас жаярға...
Адамдармыз тым әртүрлі,
Кейде ақыл аш, кейде тоқ.
Бір-біріне шексіз күлді,
Бәрі сынық, бүтін жоқ.
Менменсіген әлдебіреу,
Жерге сыймай, іш кеуіп.
Аспандағы бейне ол тіреу,
Аймен ойнар, доп теуіп.
Жете қалса бір табысқа,
Кетер адам танымай.
Сөзді создым, сірә, «алысқа»,
Енді қайтем, налымай?
Адам күні адаммен нақ,
Шүкір деумен мен өтем.
Адастырмай бізді Алла Хақ,
Түзу жолға салса екен.
Қанша ұлтқа бөлінсек те,
Ұлыс, ру мен тайпаға.
Тым бөтен боп көрінсек те,
Адамнан адам қайта ма?
Жер жаһанды кезсек қанша,
Табылмайды «тәуірі».
Адамзаттың әрқашанда,
Адам ғана бауыры.
/Маусым.14./ 
/Сурет жеке мұрағаттан/
Мақпал СембайМақпал Сембай
9 лет назад 3522
6 комментариев
О блоге
0
56583 278 295 205 145
Прямой эфир