Сөз - бумеранг
Сөз  - бумеранг

 

***

...билікке құмарлық деген жаман әдет қой. Әр адам өз ойынша өзінен әлсіздеу деп тапқан кез келген әйтеуір біреуді билеп, біреуге үстемдігін жүргізіп, айтқанын істетіп, сөзіне ергізгісі келеді. Аға ініге, әпке сіңліге, бастық қоластындағыларға...тағысын тағы дегендей... Тіпті кішігірім жанұяда да сондай... 
Мойындайық... мойындамайық... Дегенмен барлық адамның бойында билікке деген титтей болса да құмарлық бар-ау...

***

Жасы үлкендердің бәрі әркез дұрыс сөйлей бермейді. Себебі, қаншалықты сенен көбірек өмір сүрсе де, өмірден көргені, көргенінен көкірекке түйгені сенен аз болуы мүмкін. Сондықтан, өзіңнен үлкендермен сөз таластырып, не қате ойлағанын, дұрыс түсінбей қалғанын түсіндірудің қажеті жоқ. Сені, жағдайыңды түсінбеген адам, сөзіңді қайдан түсінсін...
Адам ақылды болған соң қартаймайды, қартайғанның бәрі ақылды емес...

***

Енең анаң емес. Себебі сен оның қызы емессің. Рас. Бірақ сені қызындай көретін анаңа ұқсайтын енелер болады дейді. Қайдам. 

***

Біз бала кезде үйімізде бөлме атауымен жоқ болатын. Барлығы тек үй ішіндегі үй еді: қонақ үй, шәй ішетін үй, айнасы бар үй, жататын үй. Ал дәлізіміз "дала" еді. Даланы сыпырдың ба, даланы жудың ба...дегендей. Қызық. 
Ал қазіргі балалар қалай атайды екен..
Жәй есіме түсіп кеткені...

***

Біреудің сөзі жүрегіңе ауыр тигенде барып, мен қашан, кімді ренжіттім екен және қандай сөзбен деп ойланасың. Басқаны білмеймін, мен солай ойлаймын. Себебі, сені біреу ренжітсе, демек, одан бұрын сен де біреуді ренжіттің дегені шығар... Сөз - бумеранг.

(сурет ғаламтордан алынды)

Мақпал Сембай, ой, жанымның парақтары парақталды
Мақпал СембайМақпал Сембай
9 жыл бұрын 8042
4 пікір
  • Ертен ене болганда түсінесіз...
    9 жыл бұрын
  • Сізбен келіспеуге рұқсат етіңіз.
    Енеңізді анаңыздай қабылдасаңыз ғана, енеңіз анаңыздай болады. Сізден титтей болса да тәкаппарлық сезіп тұрмын. Төмен түсіп, өзіңізді енеңізден төмен ұстаңыз, қызындай құрақ ұшсаңыз жібімейтін ене жоқ. Енелерде де, келін сияқты "адаптационный период" болады, баласын қызғанады, ол қалыпты жағдай, сабырлы болыңыз.
    Артық кетсем кешірім өтінем. Әрине мен ойлағандай болмауы да мүмкін.
    9 жыл бұрын
  • Келінін қызындай, тіпті одан да артық көретін енелер бар. Жоқ емес. Енесін анасындай көретін келіндер де бар... Тек бұл реттік келіні енесін анасындай құрметтегенде ғана жүзеге асады. Ене басыңқы жақ болса, келін бағыныңқы... Сондықтан бірінші келін енесін анасындай көруі керек. Қайда жүрсе де келінін мақтап, уайымдап жүретін апаларымызды көз көрді. Яғни, енесі келінінен разы болған да...
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
56583 278 295 205 145