***...бәріміз өзімізді қартаямыз, қарттық жасқа жетеміз, өзге жетіп жатқан 50-ге біз де жетерміз, "реті келсе" одан да асармыз деп ойлаймыз, ә... Сол оймен "ертең істеймін, ертең бастаймын" деген "ертеңі" бітпейтін істеріміз көп, ә... Сол бір ертеңіміз "бүгін" болмай қойды, ә... Сол ертеңіміз "кешеге" айналып жатқанын да сезбейміз, ә...
Біз, Адамдар, Қазақтар, Бауырлар, әр ай, күн, сағат, секунд сайын жасарып емес қартайып, жалған өмірден алыстап, өлімге бір қадам жақындап келе жатқанымызды мойындамаймыз кейде, ә... Сағаттың ұзын тілі тықылдап алға кетіп барады, кері соқпастан...соқпайды да, кері қарай жүрмейді де...
Еһ, қу тірлік... Сағым дүние... Бес күн жалған...***Қыздар, жігіттер, дұрысы - бойдақтар, жасыңыз жетіп, лайықты жан табылып жатса, басқа ештеңеге қарамастан (материалдық жағы... Алла өзі-ақ берекесін береді екен...) анаңыз бен әкеңіздің көзі тірісінде (!) үйленіп, тұрмысқа шығуға асығыңыздар!
"Көзі тірісінде (!)"...асығыңыздар...
***Кейде ауылдан шыққан "ауылбайская" болғаныма Анам тіріліп келгендей қуанамын! Рас! Ауылдан шыққан қазақ болғаныма қатты қуанамын! Аллаға шүкір! Еһ, "Ауылым-алтын бесігім"! Саған еш жер тең келмес!
***Әлдебір жерің ауырғанда барып, сенің де сондай "жерің" бар екені және ол жердің солай ауыруы мүмкін екені есіңе түсетіндей шаршауы мүмкін екен адамның... Бүгін басымның "қайда" екенін білдім...
***Телеарналарда жағымсыз жаңалықтарды айта-айта құлақты да, көзді де, сананы да үйретіп алғандары сонша, жақсы жаңалық айтылса таң қалатын болыппын. Жалғыз менде ғана ма сол таңданыс, әлде Сіздерде де сондай ма?
***Көп сөйлейтін адам болады және орынсыз көп сөйлейтін адам болады. Екеуі екі бөлек.***-Анау Бәленбай деген ше...
-Е, не бопты оған?
-Кеше ғана жүрген сияқты еді... Қайтыс болыпты...
-Ойбуй. Иманды болсын... Біріншіге қойшы, Ананди басталады...
...
...өмір жалғасуда...***...негізінде ше... намаз дұрыс...
...намаз бастау керек еді...
...намаз бастау керек...
...намаз бастау керек екен (!)...
...намазды тезірек бастау керек еді (!)...
...намаз...деп жүрген қаншама адамның басы сәждеге тиместен жаназасы оқылды...
Уақыт-сынап, бұл дүние-сынақ.
***(сүгірет ғаламтордан алынды)
...өмір жалғасуда...
|

Мақпал Сембай, ой, жанымның парақтары парақталды, мақаныңойы
4 пікір
-
B. KeneskyzyМақпал қош келдіңіз. Жазбаларыңызды сағынып қалдық.7 жыл бұрын
-
Мақпал СембайҚош көрдік. Уақыттың ретін келтіруге тырысып жүрмін-ақ... Мен де "осы жерді" сағыныппын...7 жыл бұрын
-
Nurqanat BaizaqОй саларлық жазбаларыңызға рахмет! Расында солай7 жыл бұрын
-
Мақпал СембайБәлкім... Рахмет.7 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Аскар Искаков жаңа жазба қосты: "Можно ли читать таравих после витр-намаза?..."бірнеше секунд бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Нарушает ли пост жевание безвкусной жвачки?..."21 сағат бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЙ МЕН КЕДЕЙДІҢ АС МӘЗІРІНДЕ ҚАНШАЛ..."23 сағат бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Символ Рамадана, или почему мусульмане так любят ф..."2 күн бұрынАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ жаңа жазба қосты: "Шестиклассник из Туркестанской области изобрел "ум..."2 күн бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Рамадан. Три степени поста..."3 күн бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналға..."3 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.