Шыбын да бекер ұшпас...
Шыбын да бекер ұшпас...

*** Бәрі жақсы болады! Өтірік! Қашан? Қалай? Ештеңе де жақсы болмайды! Сен жаман ойлап, өзіңе, ісіңе сенбей, еш әрекет қылмай, "алма піс, аузыма түс" деп немесе бір сынаққа бола бәріне қол сілтесең, басыңа бұйырған бақытты көре алмасаң, барды қадір тұтып, қанағат қылмасаң, жақсы ойлап, жақсылыққа ұмтылмасаң, жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығатынын білмесең, жылда төрт мезгіл барын аңғармасаң, тырыспасаң, тыраштанбасаң, үнемі жыламсырап, күлкіні ұмытсаң... жалпы, әр күніңді бекер өткізсең.... онда ештеңе де жақсы болмайды! Жақсы болады деп те күтпе! Өзіңе өзің сенбесең, жақсылыққа сенбесең, басқа біреудің саған сенгенінен түк шықпайды... Бәрі өз қолыңда...

Н.ғ.: ...өзіме де осы керек сияқты...

*** Мен өмірден не көрмедім! Менен асқан сорлы адам жоқ шығар!? Неге барлық сәтсіздік пен жамандық маған ғана төніп тұрады?! Неге жолым болмайды?! Неге ылғи осындай?! Неге? Неге??? Иә, көпшілігіміз егер басыма әлдебір іс түсіп, не ойлағанымыз іске аспай қалғанда дәл осылай ойлайтынымыз рас. Иә, рас! Біз сондаймыз! Күллі ғаламның сәтсіздігі жалғыз бізге төніп, жалғыз біз ғана қиналып жүргендейміз. Менде де осындай жағдай болып тұрады. Сол кезде бір апайымыздың сөзі түседі еске. "Кім жетісіп жүр дейсің". Иә! Иә, кім жетісіп жүр дейсің?! Әркімге өзіне лайықты, өзі көтере алатындай қиындық беріледі. Егер оған шамаң жетпесе, саған ол сынақ берілмес еді. Қиындық, сәтсіздік, жамандық бар ма? Демек, сен өмір сүріп жатырсың деген сөз! Олай болса, өмірдегі сынақтан сүрінбей өтіп, тиісінше ғұмыр кешуді нәсіп етсін!

Н.ғ.: ...әмин`.

*** Сенім жақсы нәрсе. Сенгің келеді. Әлдекімге. Әншейін дүниені. Алайда, болмайды. Сенімің ақталмағанда, саусақ тістеп қалмас үшін, одан да құпияңды, сырыңды іште сақтап қалуды артық көресің. Әлдекімге әлдебір нәрсені айтпас бұрын, сол адамға сенімсіздік танытып тұрасың, не сол сенімсіздікті сенбеу арқылы, күмән арқылы өзің болдырасың, меніңше. Білмеймін. Мен сенбеймін бе, әлде адамдардан соншалықты сенім кеткен бе... әлде мен өзім сенімсіз адаммын ба... ұға алмадым... әйтеуір бірдеңе жетіспейді...

Н.ғ.: айттым басында-ақ... бәрін...

*** Қартайған адамдардың барлығы да ақылды емес шығар, әлде тек ақылдылар ғана қартая ма? Қартайғандардың ішінде кезінде екі алған, талай адамды ренжіткен, талайдың көңілін қалдырып, талайды жылатқан, оқымаған, тоқымаған адамдар да бар емес пе? Барлық қартайғандар не өзіңнен үлкеннің барлығы алдыңғы партада отырғандардан емес қой...мысалға. Түсіне алмай барамын адамдарды... не мен топастанып барамын ба...

Н.ғ.: ...қоғамда бұл жайттың бар екенін тағы рас.

Мақпал СембайМақпал Сембай
10 жыл бұрын 5060
2 пікір
  • сіз ең алдымен адамсыз, ең бастысы - ӘЙЕЛСІЗ! Өміріңіздегі орныңызды таппағанға ұқсайсыз. Артық айтсам, кешірім өтінем
    10 жыл бұрын
  • Мен білетін бір жан бар Қашан көрсең бақытты,ол көп оқиды Әр адамның жақсылығын көруге тырысады Меніңше бәрі ниетке байланысты Қартайған аналарым бар сол кісілерге жеткізу сәл қиын дін жайында Ал жастар үшін қазір көп нәрсе бар, осы сайттардың өзі қанша білім береді Қайрат бауырым, сіздердей азаматтар көп болып ұлтымыз ата дінімізге қайта оралса екен
    10 жыл бұрын
Блог туралы
0
56583 278 295 205 145