Біреуге ұнауға тырыспайтындығым үшін өзіме ұнаймын...
Біреуге ұнауға тырыспайтындығым үшін өзіме ұнаймын...

*** Кейде бақыт, жақсылық газға қойған шәугім сияқты. Шәй ішкіміз келіп, қайнауын күтеміз. Бірақ от қоюды ұмытып кетеміз...

*** Ақылды болып көрінуге тырысу - нағыз ақымақтық, меніңше.

*** Әдемі сөйлейтін адам әдемі жазады, әдемі жазатын адам әдемі сөйлейді деген сөз жоқ...

***...Сіздің келбетіңіз ақылыңыздан маңыздырақ десем, миыңыздың асқазаныңызда орналасқанын құп көрер едім...

***...біреуге ұнауға тырыспайтындығым үшін өзіме ұнаймын...

*** "Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан"... Еңбектенсең де кінәлісің, еңбектенбесең де кінәлісің... жақсылық ойласаң да сенбейді, ойламасаң да сенбейді... О, тоба, "адамнан адам ақылымен ғана озады емес пе"... түптің түбі...

***Біреуге жағам деу - қарды басқа түске бояуға талпыну, меніңше.
Е, адам адамға жаққан ба...?

***Бәріміз ертеңді күтеміз. Ертең бәрін бастап, жаманнан тыйылып, жақсыға жол ашып, өмірімізді мәнді сүреміз. Тек ертең болсыншы... дейміз... Ал, ертең бүгін болғанда, тағы ертеңді күтеміз. Сөйтіп, ертеңіміз кешеге айналып, күнтізбе беттерінде қатталуда...

***Біреуді көре алмайтын адам, сол біреудің бақытын да көре алмайды, ондай "әділетсіздікке" көне алмайды. Қайғысына атасы тіріліп келгендей қуанып, бақытына баз кешіп кеткендей өкінеді. Өзі қылмайды, өзге қылған тірлікті көре алмайды. Бұл өзі солай.

*** - "Нең" кетіп барады істей салсаң?

- "Нем"? Уақытым, ойым, күшім, ақылым, қайратым, көңілім... Сен соның бірін де бағалаймысың? Бағалап па ең? Жоқ! Сенде осының бірін де ұғынар түйсік, сана атаулының жұғыны да жоқ! Қадірсізсің! Қасиетсізсің! Күле қарағанның соңынан еріп, дүние үшін кез келгеннін астына көпшік, аяғына ұлтарақ болуға дайынсың! Ал сондай адам менің еңбегімнің құнын ұқты ма? Ұққан ба? Ұға ма? Жоқ! Сондықтан әлгі бір жағымпазданып, нан шайнап беріп жүргендеріңнен сұрап көр. Бәлки, солар саған көмектесер?! Әрине, сен олардың есінде болсаң... Ал мен қолымнан келсе де енді сен үшін саусақ қимылдатпаймын... кейде кейбіреуге осылай дегің келеді... еріксіз...

*** Адамдар кейде суық, қатыгез, қатал, ашкөз, мейірімсіз болады... Жаурағаныңды көріп тұрса да, қолынан келсе де... жылытқысы да, жақсы сөз айтқысы да келмейді. Іштарлық танытады. Мұндай кезде Олардан асқан "жауыз" жоқ...

Мақпал СембайМақпал Сембай
9 жыл бұрын 4134
1 пікір
Блог туралы
0
56583 278 295 205 145