Мен ешкім емеспін. Тек Адаммын. Аллахтың көркем жаратылыстарының ішіндегі "ақыл иелерінің" бірінен болғаныма мың шүкір. Жаратқанға сансыз мадақ пен мақтау болсын!
Мен ешкім емеспін. Тек бір ұлттанмын. Соның ішінде Қазақпын. Мақтан тұтамын осы ұлттың өкілі екендігімді! Рас, қазақ болу - үлкен бақыт!
Мен ешкім емеспін. Тек Пендемін. Өзгелер секілді бірде өкініп, өкіндіріп, сағынып, сағындырып, жалынып, жалындырып, мұң сыйлап, мұң жұтып, армандап, армандатып, сездіріп, сезіндіріп... жүретін көптің бірімін ғана...
Мен ешкім емеспін. Тек Кенжемін. Иә, бесеудің бесіншісімін. Алайда ерке емеспін. Әкем мен Анамның сүт кенжесімін. Мұны да мақтан етемін! Маған да артылған жүк пен үміттің салмағын сеземін...
Мен ешкім емеспін. Тек Доспын. Қалың адамның ішіндегі әлдебір жаныма жақын жандардың досымын. Соған Шүкір. Дос болу, досы болу, досың болу да - бақыт болса керек...
Мен ешкім емеспін. Тек Ұстазбын. Өзге қарасы көп мамандықтың ішінде мені таңдаған, мен таңдаған ол - ұстаздық. Мың шүкір. Көзім, өзім жоқ болсам да, бұл жалғанда пайдасы бар ізім қалса, сол - бақыт.
Мен ешкім емеспін. Тек Қызбын. Ұққанға ұғыныңқы, түсінгенге түсінікті, сыйлағанды сыйлайтын, жүректе орын алған жандарын жамандыққа қимайтын, барды бағалар, мықты болып көрінгісі келетін, алайда, қыз біткеннің бәрі секілді жаны нәзік, өкпешіл қызбын...
Мен ешкім емеспін. Тек... тек біреудің Бақытымын... Бақытымның Бақытымын... Бұйырған бақ бар болса, соған лайықтымын... Бар болмаса, болғаны мен үшін лайықты...
Мен ешкім емеспін. Тек бар болғаны бір түйір қанмын, Алланың нұрына шомылған...бір күні тәнінен жаны ажырар... өзгелердей...
(Сурет жеке мұрағаттан)
Мен ешкім емеспін. Тек Қызбын. Ұққанға ұғыныңқы, түсінгенге түсінікті, сыйлағанды сыйлайтын, жүректе орын алған жандарын жамандыққа қимайтын, барды бағалар, мықты болып көрінгісі келетін, алайда, қыз біткеннің бәрі секілді жаны нәзік, өкпешіл қызбын...