Сіз маған ұнауға міндетті емессіз..."сылаң қақпай-ақ қойыңыз"...
Сіз маған ұнауға міндетті емессіз..."сылаң қақпай-ақ қойыңыз"...

*** Мен білетін, менің санамдағы "ұлы адамдар" да қарапайым пенде екен-ау.

*** "Неменеңе жетісесің, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр." Рас-ау. Олар азайып бара жатыр. Себебі, олардың орнын ата-аналарымыз, ал ата-аналарымыздың орнын біздер басып келеміз...

*** -Бақыт, қайдасың, сені Үміт іздеп жүр ғой...

*** "Аяғымның қотырын қотыр қолыммен қасимын деп, қолымның да қышығанын, қотыр екенін ұмытып кетіппін"... дегеннің күйін кешіп отырмын.

*** Жанарымнан сырымды оқи алсаң, бүкіл жан-дүниемді көре аларсың. Бірақ ешқашан ешкім ешкімді тек жанарынан ұққан емес. Ол жеткіліксіз... Кейде адам жанарынан тек қарашық пен ақты ғана көресің.

*** Сіз бүгінгі күнді соңғы күн деп ойлаңызшы? Сонда өзіңіз үшін кімнің қымбат екенін аңғарып қаларсыз. Көзді тарс жұмып, ертең оянбай қалсам, не болмақ... деп те ойлап көріңізші... Ең алдымен не істейсіз? Кімге әлде не нәрсеге жүгіресіз? ...соңғы күн...

*** "Өзім" деген өмірім өгейсіткенде, өкініш өзегімді өртеп, өкінгеннен өкіріп жылағым келеді кейде осы...

*** Адам аспанға ұмтылғанда, жерден алыстайтынын ұмытып кете береді осы. Жерден алыстаған сайын адамдардан да қол үзе бастайтыны анық. Биікті, өрді, көкті аңсап, жерге, қарапайым адамдарға жете алмай қалғанда, өкініші өзегін өртеп, барынан айырылғанда бәрін ұғады. Бірақ бәрі кеш болады...

*** Айфоны бар қызға айфоны бар жігіт, айфоны бар жігітке айфоны бар қыз керек екен. Жайфондылар, бір-бірімізді тауып, бақытты болайық, "ыңғайы келсе"...

*** "Сіз маған ұнауға міндетті емессіз, "сылаң қақпай-ақ қойыңыз"-депті Біреу Біреуге...

*** Биік кимесең, өрең төмендеп, жабық кисең, көзге түспей қаласың. Қате. Аласа кисең жерге жақын болып, "аспандаудан" ада боласың, жабық кисең, бөтен көзден таса боласың. Керек көз жан дүниеңе өзі-ақ үңіледі. Бастысы-өзіңе ыңғайлы.

*** Күлгін көзілдірігімнің бір әйнегі сынып қалыпты. Жөндетуге тастап кеттім.

*** Мені іздегендер, керек болып жатсам, мені жерден таппасаңыздар, құстардан сұрарсыздар...

*** ...ағаштардың барлығы да тіп-тік, сымбатты болып өспейді. Сонда да, олардың мәуелі көлеңкесі бар. Сымбатты емессің деп кесіп тастамаймыз, бар күйінде қабылдаймыз. 

/сурет жеке мұрағаттан, ауылымның аспаны, құстары/

Мақпал СембайМақпал Сембай
9 лет назад 5001
8 комментариев
  • Қыздарға: Биік кимесең, өрең төмендеп, жабық кисең, көзге түспей қаласың. Қате. Аласа кисең жерге жақын болып, "аспандаудан" ада боласың, жабық кисең, бөтен көзден таса боласың. Керек көз жан дүниеңе өзі-ақ үңіледі. Бастысы-өзіңе ыңғайлы. Иә, солай.
    9 лет назад
  • Бақыт, қайдасың, сені Үміт іздеп жүр ғой...

    9 лет назад
  • МашаАллаһ! Қысқа да нұсқа ой саларлық сөздер...
    9 лет назад
  • *** Сіз бүгінгі күнді соңғы күн деп ойлаңызшы? Сонда өзіңіз үшін кімнің қымбат екенін аңғарып қаларсыз. Көзді тарс жұмып, ертең оянбай қалсам, не болмақ... деп те ойлап көріңізші... Ең алдымен не істейсіз? Кімге әлде не нәрсеге жүгіресіз? ...соңғы күн...

    Әсерлі. Әркүнін соңғы күнім деп ойлаған жанның Алламен байланысы, адамдармен қарым-қатынасы сөзсіз өзгеше болар еді-ау.
    9 лет назад
О блоге
0
56583 278 295 205 145