- Қиялисың осы сен... - Білемін...
- Қиялисың осы сен... - Білемін...

Айналамдағыларды суретке түсіргенді жақсы көремін. Оқушы кезден. Оқушы кезде пленкалы фотоаппартыммен жап-жақсы көптеген суреттер түсіріп, шығарып та алғанмын, мүлдем күйіп кеткендері де болды. Кейіннен өзім ақша табатын жасқа келгенде кішігірім цифрлы фотоаппарат алдым. Ең арзандауы болған соң, әрине, ол көзбен көрген сұлулықты тура сол қалыпта түсіре алмаса да, сәл-пәл ұқсатып түсіреді. Оған да шүкір. Ендігі кішігірм арманым кәсіби, үлкен, қашықтықты жақсы түсіре алатын фотоаппаратым болса екен... Алла оны да нәсіп етер, Ин ша Алла... Сондағы сурет мұрағатымды толтырып жүргендері - табиғат, гүлдер, бұлт, аспан, күннің атуы-батуы... қысқасы, тірі жаннан өзгесі... Тірі жандарды да: адамдарды, ит-құс, жануарларды да түсіремін, бірақ сирек... Фотоаппаратым үнемі жанымда жүреді. Бір күні тек суреттеріммен ғана таныса жатарсыздар. Бәлкім, Сіздер көре алмай жүрген сұлулықтарды менің суреттерімнен көрерсіздер... уақытымен бола жатар...

*** Жұмысқа келе жатсам, бір подъездің алдында төмендегідей гүлдер өсіп тұр! Қоршауды жағалай жүріп, гүлдерді әбден сүгіретке түсірдім. Қырынан, төбесінен, жанынан... біресе отырып, тұрып, қисайып, қоршаудың арасында қолымды жартылай созып түсіріп жатсам, бірге жұмыс жасайтын бір апай өтіп бара жатыр екен. Апайым: "Не істеп жатырсың?"-дейді. "Гүлдер әдемі болып тұр екен, сүгіретке түсіріп жатырмын"-десем, "Қиялисың осы сен"-деп, күліп кетіп бара жатыр. "Жындысың" демегеніне тәуба, қияли екенімнен хабардармын ғой, апай.)) Әдемі ғой, расында!

*** Бірнеше күн күннің нұрымен "ойнаған" едім...

4

5

6

*** Кекілінен қасы тұрмақ, көзі көрінбейтін қыздың кекілі өсе-өсе артқы ұзын шаштарына қосылды. Маңдайы бар екен! Біршама кең екен! Сөйтіп, маңдайы жарқырай бастады... Қос жанары кекілінің астында тығылып жүруші еді үнемі... Сонда қазір кекілсіз жүргені, маңдайын ашып жүретіндігі енді ешкімнен тығылып, қорықпайтыны, сәл-пәл "есейгені" дегенді білдіре ме екен? Қызық. Ол мен өзіммін ғой. Ал, Сіздердің кекілдеріңіздің өмірге "келіп-кетуінің" себебі, сыры бар ма? Менікі бар...

*** Қабағымда қар жауып, ол жерде үнемі қыс. Жүрегім жыламсырап, ол жерде үнемі күз. Езуім үнемі күліп, ол жерде үнемі жаз... Көктем тек мида ғана... Босай алмайды көңілдің көңілсіз шырмауынан.

*** Ақырғы амалымның қандай түрде боларын ойласам, қазір-ақ мешітті барып мекендегім келіп кетеді. Уақыттың қысқалығы-ай. Сахабалар кезінде 600 жыл аз көрінсе, біздің өмір сүру уақытымыз тіпті де... сөз жоқ! Басымыз сәждеге жығылып, қайта тұрдым дегенше, о сапарға аттандым деген уақыт екен-ау. Тәйірі, не тірлік бұл? Қайсы ісімді айтып мақтанайын? Қайсысы қабіріме жарық береді екен? Қайсысы көрімді кеңейтеді екен? Қайсы амалым қабыл болып, қайсы тұста нәпсіге жығылдым екен. Жүрек бірнәрсе сезеді осы. Сағаттың шықылы құлаққа тым жиі әрі тым жақыннан естіледі-ау. Аллах ұнатқан амалдарым, менен алшақтамаңдаршы...

** Реалды өмір. Соңғы аялдама. Тыныштық. Сабыр. Иман. Сезім. Қанатсызбын. Ұшқым келеді. Үнсіздік. Өлім. Үміт. Үрей. Сағыныш. Жүрек. Жылау. Намаз. Шаттық. Арман. Қуану. Өмір. Күту... Таразымды теңшеп келейін...Уақыт керек тағы да... уақыт...

/суреттер жеке мұрағаттан/

Мақпал СембайМақпал Сембай
9 лет назад 4450
7 комментариев
  • Жазбаларыңыз ой салады.
    Жаза беріңіз.
    9 лет назад
  • Кекіл демекші, мектепте бір апайымыз маңдайларыңды ашып жүріңдер, қыз баланың маңдайы ашық болғаны дұрыс дейтін.
    9 лет назад
  • өз әлеміңге үңілу - жақсы бастама. Бұл да ұмытылып бара жатқан иманды жаңартудың "мотивациясы"
    9 лет назад
  • Басымыз сәждеге жығылып, қайта тұрдым дегенше, о сапарға аттандым деген уақыт екен-ау. Тәйірі, не тірлік бұл? Қайсы ісімді айтып мақтанайын? Қайсысы қабіріме жарық береді екен? Қайсысы көрімді кеңейтеді екен? Қайсы амалым қабыл болып, қайсы тұста нәпсіге жығылдым екен. Жүрек бірнәрсе сезеді осы. Сағаттың шықылы құлаққа тым жиі әрі тым жақыннан естіледі-ау. Аллах ұнатқан амалдарым, менен алшақтамаңдаршы...

    Бұл сөздер шынайы иманның үні!
    9 лет назад
О блоге
0
56583 278 295 205 145