"Жәй өтірік" деген өтірік болмайды
"Жәй өтірік" деген өтірік болмайды

***Алла қалауымен кішкентай ғана ханшайымның Анасы болсам да, өзіме де әлі де Ана керек екен... 
Ешкім туған Анаңдай болмайды, бола алмайды...
Менің де бөбегіме ешқашан, ешкім дәл мендей бола алмайды, болмайды да...

***Бәрі де уақытша"."
"Бәрі де уақытша" дегеннің өзі де уақытша...

***Адам өзге адамның ауруын сезінбейді, сеземін десе де, түсінбейді, түсінемін десе де. Мейлі ол жан, не тән ауруы болса да. Мейлі ол қаншалықты жаныңа ең жақын адам болса да... Адам өз басынан өткермей өзгенің тіпті қолына кірген тікеннің қалай ауыртатынын, не тістің қалай ауыратынын да сезбейді, түсінбейді...
Әркімнің тән жарасынан бөлек жан жарасы бір төбе...

***Көңілдің жыртығын материалдық дүниемен жамай алмайсың...

***Біреудің өмірін бақылап, біреудің өміріне қызығып, біреудің өмір сүру салтынан үлгі алып, біреуге ұқсауға тырысамын деп қаншама пенденің өз өмірі босқа өтіп жатыр...шіркін... Ешқашан ешкім ешкімнің орнын баса да алмас, не сол басқа біреудің өмірін бұған берсе, сүре алмас еді. Әркімнің ниетіне қарай... Әсілі, пешенесіне жазғанын көреді де. Еліктеу деген не сөз? Жақсы ісін, жақсы мінезін, қылығын тек түртіп қойып қойын дәптерге, керек кезде керек деп тапса, пайдаланса болмас па? Қанша еліктесең де ешқашан өз болмысыңнан асып кетпессің, кем түспессің де. Қандай барсың, сондайсың. Тек өзіңді бар күйіңде қабылдасаң болғаны. Мінез, әдет, болмысыңмен қоса... Бәрібір ешқашан ешкімге жақпайсың. Ол - анық. 
Дұрысы- әркім "өзі" болып өмір сүрсе жақсы. Ешбір рөл екі адамға жазылмаған...жараспайды да екі рет қайталанса...

*** Жәй өтірік деген өтірік болмайды(!).
Тіпті үйде адам болып, үйде ешкім жоқ деп немесе үйден шықпай жатып, жолдамын деп немесе барды жоқ, жоқты бар деп "жәй" айта салсақ та, ол - өтірік. Өтіріктің бір-ақ түрі бар, басқа нұсқасы жоқ...

(сурет ғаламтордан жүктелген)

Мақпал СембайМақпал Сембай
9 лет назад 6602
0 комментариев
О блоге
0
56583 278 295 205 145