Бесіктен белі шықпаған,Өмірден түк те ұқпаған,Техникамен арбалып,Дәстүр санаға жұқпаған,Кімнен, нені күтеміз?Анасын сыйлай білмейтін,Әкенің сөзін ілмейтін,Баратын жері клуб, бар,Мешітке мүлде кірмейтін,Кімнен, нені күтеміз?Адал дос жоқтың қасында,Өзіндік ой жоқ басында,Кеудесін керіп, пісірген,Ақша мен байлық, расында,Кімнен, нені күтеміз?Білмейді Абай дананы,Ұмытқан кітапхананы,Пайдасыз ілім-біліммен,Толтырған миды, сананы,Кімнен, нені күтеміз?Махаббат деген бір түндік,Отбасын құрар бір күндік,Болдырмай, алдын алмастан,Ажырасқандарға мың күлдік,Кімнен, нені күтеміз?Тілемей үйді...