"Т" таңбасындағы тәуелсіздік
"Т" таңбасындағы тәуелсіздік

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік! Тәуелсіздік! Тамсануға тұрарлық тәтті тақырып!

Туған топырағым, тәуелсіздігіңмен!

Тәй - тәйлап, тұлымшағы тербеліп, түрлі - түсті тәттіге телміре томпаңдаған титтей тұлға тәрізді, тасбақаша тырбыңдаған, тізгінсіз тайдай тебінген Тәуелсіздік тағымызға тұрақтады түбінде. Тұс - тұстан талан - таражға, таласқа, талауға түскен тәуелсіздіктің тізгіні түптің түбінде түп төресіне тапсырылды.

Тарихымызда танылған танымал тұлғалардың тегеуірінді таласының, тойтарысының, талаптануының түбі тәуелсіздікке тұтасты!

Туған топырағым, тамыры тереңге таралған, тірегі тығыз теректей тұлғаңды теңселтпе! Тәуелсіздіктің таңы тарихыңның тасында таңбаланған.

Туған топырағым, төріңдегі тәуелсіздіктің туының тұғыры төмендемесін! Түптің түбінде талайларды тамсандырып, таңғалдырып, таңырқатасың ! Тәуелсіздіктің тарихы талайларға тағылым.

Татулық, тәуекелділік, тұтастық, табандылық, төзімділік, тапқырлық, тақуалық, туысқаншылдық, тиянақтылық, тәубешілдік, тату - тәттілік, тағысын тағы тек төріңде тұрақтасын!

Төрелердің төресі - туған топырағым, теңдесіз тәуелсіздігіңе тосқауыл тұрмауы тиіс! Тәуелсіздіктің тұмары  - тұтастық, татулық!

Тәуелсіздіктің тәлім - тәрбиеге толы тәртібімен, таптырмас талап - тілектерімен, түрлі  тәсілдерімен тәрбиеленген тұлға түбінде танымылдылыққа табан тірейді.

Түндік түрілген тұста тұп - тұнық төбеден темірқазықты таптым!  Темірқазық тәуелсіздіктің таңбасындай танылды!

Туған топырағым, тамшы терімнің топырағыңа тамғанына тәуба!

Тартынба, тәуелсіздік, тойдың төресісің! Таусылмайтын тау  - тау, телегей теңіз  табыстар тілеймін!

Торқалы той - томалағың, тамашаң тарқамасын! Талдарың тұрағыңның төріне тірелген теректерге теңесті!

Тізбектелген тілектерім тек тәуелсіздікке!

Қазақстан, егемендік, тәуелсіздік, Мақпал Сембай, елдік
Мақпал СембайМақпал Сембай
9 жыл бұрын 5124
0 пікір
Блог туралы
0
56583 278 295 205 145