Қадірің артсын десең, өзгені қадірлей біл
Қадірің артсын десең, өзгені қадірлей біл

***

Сізді "сіз" қылып, бізді "біз" қылып отырған тек - сыйластық. Ол жоғалса, жалпы ұғымға айналып кетеріміз анық.

***

Қадірің артсын десең, өзгені қадірлей біл.

***

Қазіргі кезде адамдарға деген сенімім өкшесі басылып, сүйретіле-сүйретіле табаны тесілген аяқ киімдей болған.

***

Сіздің кім екеніңіз, кім болғаныңыз, кім болғыңыз келетіні маңызды емес, адамдықты жоғалтқан шақта.

***

Нәтижесі өзің күткендей болмайтынын біле тұра, сол іс үшін сонша азаптанып, сонша тер төгіп, сонша қиналудың қажеті жоқ. Одан да басқа бір пайдалы, хайырлы іспен айналысқан абзалырақ. Адамдарға да қатысты солай. Сенің қадіріңді білмейтін адамның жанында бір секунд та тұрудың мәні жоқ. Өзіңді бағалайтынды сен де бағала.

***

Барына, бәріне шүкір десең, жоқ жоғалады.

***

Ойлаймын да... Егер Адам өзгеге айтқандарының, ендігі айтуым керек деп жүргендерінің тым құрығанда 50 пайызын өзі орындаса, онда тәп-тәуір керемет Адам болып қалар еді. Ақыл айтуға келгенде, бәріміз "мәстірміз", иә?

Н.ғ.: ...кейде айнаға қарап, өзіме өзім ақыл айтқым келіп кетеді...

***

"ОҢБАҒАН!" Осы сөздің мағынасы жақсы сияқты. Тек "ң" дыбысына бірде тілі келмей қалған адам шығарған сияқты. "Оң" "бағаң". Яғни, сенің бағаң оң, дұрыс, түзу, дұрыс адамсың дегені шығар, ә? Осылай болса, бұл сөзді маған да айта беріңіздер. Жақсы қабылдаймын.

Н.ғ.: ...мен шындықты жақсы көремін, әрі жақсы қабылдаймын...

***

-Тссс, тыныш, ұятым ұйықтап жатыр. Оятып алсақ, көзімізге көкемізді көрсетеді. Нағыз той сонда болады.-депті Ар Намысқа.

 ***

Жаңғырық!!! Құлағым тұнады кеудемде шыңғырған жанымның айқайынан! Жүрегім алабұртып, кең жаһанға сыймайды! Үнсіздіктен асқан айқай жоқ! Бақытты болу қиын екен... 

Н.ғ.: ...адам өмірі бақытты іздеумен өтіп кетсе, не мән?

/сурет жеке мұрағаттан/

Мақпал СембайМақпал Сембай
2 года назад 638
10 комментариев
О блоге
0
43692 277 289 204 143