...Жауын көбірек жауып тұрса... шіркін...
...Жауын көбірек жауып тұрса... шіркін...
***
Жаңбыр жауса, ұнамайды. Жаумаса да, ұнамайды. Күн қатты ашылып, ысып кетсе, ұнамайды. Күн шықпай қалса да, ұнамайды. Қалың қар жауса, ұнамайды. Жел соқса, ұнамайды, Жел соқпаса да, ұнамайды... Түһ, адамдарға осы не жағады?... Мен әрбір күнді өзінше жақсы көремін, бар күйінде... мейлі қандай күн болса да...айтпасам да, солай деп.
 ***
-Бірдең"к"е айтайыншы саған... - дейді кейде маған әртүрлі адамдар.
-Екідең"к"е айтсаң да болады деймін. Жәй ғана. (яғни, қанша болсын, не болсын тыңдауға дайынмын дегенім шығар)
 ***
Дипломның уақыты келді. -Диплом 60 бет қой, иә?-деп сұрап қоймаймын кураторымыздан. -Жоқ, 70,-деп ол кісі де қоймайды. -Жоқ, 60 қой. Бакалавр 60 бет, магистратура 70-80 емес пе?-деп мен де қоймаймын. -Жоқ. 70!- деп апайымыз да қоймайды. Сонымен ортақ "санға" келмедік. Кейін білдім. Сөйтсем, апайымның 70-нің артында теңге, ал менікінде "бет" тұр екен ғой. Кім білген...
 ***
Қалаға келгелі тек шалбар киетінмін. Кейде ғана белдемшелер, көйлектер оның өзінде, тек ұзынын ғана киетінмін. Кейде қыздардың "үгітімен", не өзім қатты ұнатып қалсам, сәл тізедей ұзындықтағысын киетінмін. Ал, "шортик" атаулыны киіп көрген емеспін. Ешқашан. Кигім келмеген де, кигім келмейді де (!). Сонымен, мектепке орналасқалы, "қыз" қалпына қайта келуге тура келді. Оның өзінде, үйден шалбар киіп келіп, тек сабағымды өтерде белдемше киетінмін, кейде қысқарақ көйлек. Былтырғы жазды кілең ұзын киіп өткізіп үйреніп қалып, күзде қысқа кие алмай қойдым. Сонымен, күзде бері тек ұзын киіп жүрмін. Тіпті шалбарды тастадым. Айта-айта жақтары талды, білем, қасымдағылардың. Мен де неге ұзын кигенді ұнататынымды айтып, жағым талды. Сонымен, мен неге ұзын киемін. Себептері: маған ұнайды; емін-еркін сезінемін өзімді; емін-еркін жүремін; бір жерге асығып жүгірсең де, "талтаңдап" жүгіріп бара жатқандығың аса білінбейді; күн жылынса бітті, қыздардың проблемасына айналатын "капрон жыры" жоқ, яғни, өзгелер секілді бір капрон бір, не екі күнге емес, бір айға жетеді, себебі, жыртылып қалса да, өзім ғана білемін ( )) ); (+) бір аяғыммен бір аяғымды "қасып" тұрсам да, ешкім ештеңе білмейді; ең басты-өмірлік парызыма ыңғайлы; сосын, маған ұнайды; сосын, маған ұнайды, тағы да ұнайды. Болды.
 ***
Қолшатыр ұстаған ұнамайды. Бірақ қолшатырдың астында жүрген ұнайды. Алайда, қазір қолшатырды өзім ұстап жүрмін.
 ***
Көктемде алғашқы жаңбыр бір жауып өткенде-ақ, жер көгеріп шыға келеді! Тіпті байқамай да қаламыз, ә(!). Адамның жаны да ұқсас... Жүрегімізге жағымды, "жылы," жақсы" сөздер жауындай құйылса, жүзіміз нұрланып, көңіліміз көтеріліп, жадырап шыға келеміз! Соңғы жауын көбірек жауып тұрса... шіркін...

***

Бірнеше уақыт бұрын барлық істе асығыстық танытып жүруші ем. Бірнеше істі қатар бітіргім келіп, әрненнің басын бір шалып, ақыр аяғында бір ісім де бітпеуші еді. Уақыттың соңынан жүгіріп жүруші ем. Қызық. Қазір керісінше. Ешнәрсеге асықпаймын. Сабырлымын. Тізгінін бермес уақытты да қумаймын. Байқағаным, осылай да бітер істерім бітіп, әрбірі өз жөнімен, ағысымен жүре береді екен. Тіпті ұйқым да тыныш. Қысқасы, "маған бәрібір" туын ұстанып жүрмін қазір. Ұнап жүр. 

/сурет жеке мұрағаттан, тырналар қайтып барады/

Мақпал СембайМақпал Сембай
2 жыл бұрын 1007
10 пікір
  • Көктемде алғашқы жаңбыр бір жауып өткенде-ақ, жер көгеріп шыға келеді! Тіпті байқамай да қаламыз, ә(!). Адамның жаны да ұқсас... Жүрегімізге жағымды, "жылы," жақсы" сөздер жауындай құйылса, жүзіміз нұрланып, көңіліміз көтеріліп, жадырап шыға келеміз! Соңғы жауын көбірек жауып тұрса... шіркін...
    2 жыл бұрын
  • Жауын секілді жиі жауатын жылы сөздерді де жиі естіп тұрайық. Бірақ, сын айтып қоймаса да есіріп кетеміз.
    2 жыл бұрын
  • Қарапайымсыз, осы қалпыңыз ұнайды. Осы қарапайымдылығыңызбен де бағалысыз деп ойлаймын.
    2 жыл бұрын
  • Жауын жиі жаусын деп, естігіміз келген жылы, жақсы сөздерді өзіміз де жиі айта жүруді ұмытпайық бастысы. Мұнан өзіміздің де көңіліміздің жайланары анық. Сонымен қатар сауабы да өз алдына...
    2 жыл бұрын
    • Біреуге жамандық жасап, жаман сөз айтпайтын адам, өзгеден де оны күтпейді. Біраз кейде адам қатыгез...
      2 жыл бұрын
  • керемет, Мақпал ханым. Өте кəсіби жазба. Маған ең қатты ұнағаны диплом жайындағы əңгіме болды. Еріксіз күлдіреді.
    2 жыл бұрын
Блог туралы
0
43692 277 289 204 143