Ерте "қайтқан" адамның бәрі де жақсы адам болған ба...
Ерте "қайтқан" адамның бәрі де жақсы адам болған ба...

***...Еркек, ер адам жарайды, ішсін, сол іріңді солар-ақ ішсін (негізі ішпегені дұрыс, қай тұрғыда да). Ал, әйел адамға не жоқ десеңші?! Әйел адам тіпті жәй "ұрттап" алғанда, он күн қатарынын ішкен еркектен бетер сүйкімсіз болып, үйдің берекесін бірден қашырып жібереді екен. Нәзік жандылар, ішкенде қандай "ғажап" күйге енетіндеріңізді білмеймін, білгім де келмейді. Бірақ, өтініш, "ұрттамай-ақ" қойыңыздаршы. Көңіл үшін де, өмір үшін де, денсаулық үшін де... Жараспайды. Рас айтамын.

Н.ғ.: ..."үйдің берекесі әйелде" деген рас екен...

 

***...жарықтың қараңғылығын, қараңғының әлсіз нұрын көре білген көзге тәуба (!), ненің кінәратсіз, ненің "тікенді" екенін сезе білген түйсікке тәуба(!), керегін алып, керек емесін танып, нұрлысын бойға сіңірген ақылға тәуба (!), сүйдіре білген, сезімнің шындығында ғажап екенін, мынау қарбалас өмірде де сүйе білуге, ұнатуға, һәм сағынуға да болатындығын, сүю керек екендігін сездіре білген жүрекке тәуба!!! Иә, Раббым, адам болғаныма тәуба! Иман бергеніңе тәуба! Қазақ болғаныма тәуба! ... адам болғаныма тәуба...

Н.ғ.: ...сағынуды сағынбауға да болады екен...

 

***...кәмпит ұрлап жейтінбіз. Сандықтан. Әпкем екеуміз. Мамам дастарханға салса, аса қызығып жемейміз. «Ұрлап» жеген анағұрлым тәтті! Мамам ылғи біліп қоятын. Қайдан біледі деп таң қалатынбыз. «Операция» кезінде сандықтың үстін босатпайтынбыз. Уақыт тығыз.  Сөйтсек, сандықтың үстіндегі жапқыш пен киімдердің шеті қысылып қалады екен сандыққа. Кім білген? Содан кейін мұқият болатын болдық. Дегенмен, ақыр соңында «қазынамыздың» орны ауысып тынды. Сағындырған тәтті шақ...

 

***...әнім бар шырқайтын, мәнім бар ұғынар, таңым бар арайлап атар, сәнім бар шүкірлік қылар, жаным бар кеудемді керген, бүгін бар кешегімді еске алар, үнім бар жүректің грамафоны... Эх, Өмір, сүйдірдің де, күйдірдің! Енді не қалды? Тағы үміт пе? Кет ей әрі, сабалақ итше жаныма жуымай...

 

***...адамның қадірлі де, мейірімді, қандай жақсы адам, қаншалықты керек адам болғандығын өлген кезінде ғана түсінетініміз-ай...

ПыСы: ...кейде, өлген, бізден бұрын, ерте қайтқан адамның бәрі де жақсы адам болған ба... әлде жақсы болғандықтан ерте қайта ма (?)... деп ойлап қаласың... ертерек қайтсам, мен туралы да жақсы ойлай ма адамдар сонда...

Мақпал СембайМақпал Сембай
2 жыл бұрын 593
0 пікір
Блог туралы
0
43692 277 289 204 143