Ең жаман қарғыс
Ең жаман қарғыс

"Ең жаман қарғысты білесің бе?"-деп сұраған еді бір мұғаліміміз кезінде. Әркім әрқилы естіген "сөйлемдерін", "тіркестерін", "баталарды" қарғысқа теліп, айта жөнелді. "Жерге кіргір", "тұқымың құрығыр", "көсегең көгергір (қарғыстай естілгенімен, мұның бата екенін ұқпағандар да бар еді), "Құдайдан жеткір",... аналарының ашуына тиіскенде еститін сөздері, біреуге кесірі тигенде еститін сөздері... әйтеуір жамырай жөнелдік. "Таппадыңдар" деді апайымыз. "Енді қандай қарғыс?" - деп, барлығымыз аң-таң болдық. Жер бетіндегі ең жаман қарғыстарды біз ғана естігендей, бұдан да басқасы бар ма дегендей таңырқап. "Онда мен айтайын. Біліп жүріңдер. "Өзің білме, білгеннің тілін алма" деген - ең жаман қарғыс" - деді апайымыз. Әрине, ол кезде әншейін тіркестей, болмашы болып көрінген. Байыбына барып, сөз мәнін ұқпағанымыз да анық. Қазір ойланып қарасам, расында да, ең жаман қарғыс сол екен-ау. Бұл сөзді маған ешқашан ешкім айтпағанына қатты қуанамын... Ешкімге ешқашан ешкім айтатындай жағдай тудырмаса екен...

 /сурет гугл сайтынан/

Мақпал СембайМақпал Сембай
1 жыл бұрын 3559
12 пікір
  • нормальный адам ешкимге булай каргыс айта коймас, ал айтса кабыл болмас инш, себеби ненормальный адамдардын каргысын Аллах не кылады?! Или мен кателесем бе???
    1 жыл бұрын
  • Бізде де мектепте дәл солай сұрап, мұғаліміміз осыны айтып беріп еді...
    1 жыл бұрын
  • Расында ойлап қарасаң қарғыстың жаманы сол екен-ау.
    1 жыл бұрын
  • Менше каргыстын жаманы бул емес :) Ен жаманы Go to Hell, жанын жаханнамга деген соз. Бул омирде акылды, акымак болудын манызы жок, Аллах рахым кылып Жаннатына алганнан сон. Сосын сурак сиздерге, каргыс айткан адамдардын каргысы кабыл бола ма, каргалган адам оган лайык болмаса? Жаксы адам не кылады биреуди каргап?
    1 жыл бұрын
    • Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде айтылады: адам біреуді қарғағанда қарғаған адамы сол қарғысқа лайықты болса, қарғысы тиеді; ал егер кінәсіз болып қарғысқа лайықты болмайтын болса, қарғысы қарғаған адамның өзіне айналып келеді.
      1 жыл бұрын
    • Негізі басында өзімнің есімдегі хадисті жазған болатынмын. Кейін риуаятын сұрар деп интернеттен қарадым.
      islamdini.kz сайтында бар екен. Ол сайт ханафи мәзхабыныңкі емес, тек әһли сүннет уәл-жамағат делінген.
      http://www.islamdini.kz/articles/629
      1 жыл бұрын
  • Бұрын үнемі анам осы карғыстың ең жаман екенін айтып отыратын. Шынымен сол кезде балалықпен мағынасын ұқпапыз ғой. Қазір ойланып қарасақ жаман қарсы екен.
    1 жыл бұрын
  • Алла бәрін біледі!!!!!!
    1 жыл бұрын
  • Алла қарғыстан сақтасын!
    1 жыл бұрын
  • Бұл біреудің іс-әрекетіне ашынып, ол да айтқан сөзді тыңдамай қойған кезде айтылатын сияқты, санасын ояту үшін. Бұл сөзді жаның ашыған жақыныңа ғана айтып, ақылыңды өткізуге көмек болар. Жатқа, басқаға айтқанмен ақылың болсын басқа болсын, ешқашан еш өнім ала алмайтын сияқтысың.
    1 жыл бұрын
Блог туралы
0
43692 277 289 204 143