"Аллаһ" деген жазуды мен де көрдім!
"Аллаһ" деген жазуды мен де көрдім!

Алматы -Бішкек трассасында кетіп бара жатқанда, сол жақ тау бөктеріндегі жоталардың сілемдерінде Сауыншы ауылының тұсынан бастап, Ұзынағашқа дейін көрініп тұратын "Аллаһ" деген жазу.

Армандайтынмын. Рас. Әлемнің түкпір түкпірінде уақыт, кеңістік, орын, қай ұлт өкілі екеніне қарамастан, әртүрлі адамдардың "Аллаһ" деген жазуды байқап, көргендерін естіп, көріп жатамыз. Сонда бекер адам көрмесе керек, әйтпесе, мен де көрер едім ғой "Аллаһ" деген жазуды деп ойлаушы едім. Жүрекпен сезініп, парыздарын орындап, Аллаға деген құлшылықта болу - ең бастысы, әрине. Дегенмен, пенде болған соң, ел көргенді мен де көрсем деп, армандаушы едім...

Сөйтіп, күтпеген күні, күтпеген жерден ол жазуды мен де көрдім! Мен ол жазуды осындай түрде көрдім. Алла Ұлы! Мен де көрдім! Мен де байқап қалдым! Соны көрсеткен, байқатқан Аллаға сансыз мадақ! Бірнеше ай тек өзім көріп жүрдім де, бір күні арнайы кідіріп, өзгелер де көрсінші, осы жолдан өтіп бара жатса, Алланың құдыретін көріп қалсыншы тағы да... деген оймен суретке түсірдім.

Алла бәрімізге жар болып, елімізді, жерімізді тыныштыққа бөлей берсін!

Алла

Алла

Мақпал СембайМақпал Сембай
4 жыл бұрын 2698
3 пікір
Блог туралы
0
56583 278 295 205 145